Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді

1 Ақпан 2023, 19:12 1043

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті

2-3 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Премьер-Министрі ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет өкілі ретінде қатысады.

Іс-шараның күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, теміржол және мультимодальдық жүк тасымалы, энергетика және т.б. мәселелерді қамтиды.

EL.KZ
Бөлісу: