Алматыда Ермек Серкебаев ескерткіші ашылды

Бүгiн, 13:16 162

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкіміЕрболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаевпен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттікакадемиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында орнатылған. Министр Аида Балаева ескерткіштің ашылуы елінің ұлы перзентіне деген құрметі  екенін атапөтіп, Ермек Серкебаевтың бай рухани мұрасы ұлт жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнер сүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағытұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зорүлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлыдарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықтыжалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпіріндедәріптеуде, – деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Ведомство басшысы Ермек Серкебаевтың бейнесін қоладан сомдаған мүсіншілер – Айдос Бүркітбаевқа, Тимур Ермұхаметовке, Ақылбек Орманбековке және Қуаныш Асылбайға ерекшеалғыс білдірді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: