Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтірген

11 Тамыз 2023, 10:43 1168

Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: