Алматыда ер адам моншада ыстық пешке құлаған

13 Шілде 2023, 10:26 1014

Алматыда моншадағы ыстық пешке құлаған ер адамның денесін 50 пайыз терең күйік шалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Науқас өте ауыр жағдайда түсті, сондықтан бірден жансақтау және қарқынды терапияның анестезиология бөліміне жатқызылды. Жансақтау бөлімінде күйікке қарсы «Редактрон» төсегімен жабдықталған мамандандырылған палата бар. Науқас үшін жеке пост қойылды, біз қолдан келгеннің бәрін істедік, - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.

Науқас жансақтау бөлімінде 41 күн жатқан. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін аурухананың күйік бөлімшесіне ауыстырылды.

Оған біріккен жарақат. Дененің оң жағының S=50%(30%)/I-II-IIIa-IIIб-IV дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Бір мезгілде аутодермопластикамен 5 некректомия операциясы жасалды - тері ауыстырылды. Міне, 77-ші күні науқастың жағдайы жақсарып, оны қанағаттанарлық күйде үйіне шығарып жатырмыз, - дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың күйік аурулары бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.

Дәрігердің сөзінше, Григорийдің ес-түссіз күйде қызып тұрған пеште қанша уақыт жатқаны белгісіз.

19 сәуірде мен ауыр күйікпен жансақтау бөліміне түстім, бір аяғым көрде болды. 40 күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін бөлімшеге ауыстырылдым, менің өмірім үшін көп адам күресті - оларға алғысым шексіз, олардың арқасында мен бүгін тірімін. Күні бойы қасымда кезекшілікте болған дәрігерлеге, медбикелерге рахмет. Осы кісілердің арқасында өз аяғыммен үйге қайтып барамын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, – дейді алматылық Григорий Лосецкий.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: