24.07.2024
13:04
970
Алматыда ер адам лифтте балаларды тепкілеп тастады

Алматыда ер адам лифтте балаларды тепкілеп тастады

Алматыда ер адам лифтте тұрған балаларды соққыға жыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видео «НеМолчи» қорының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Қордың мәліметінше, оқиға 23 шілдеде сағат 16.36-да болған.

Видеода ер адам 10 жастағы балаларды теуіп, ұрып жатқанын ешкім көрмесе екен деп жан-жағына қараған, - делінген жазбада.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.