Алматыда ер адам күзетшіні көлікпен қағып, тепкілеп өлтірді

29 Наурыз, 10:35 15559

Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде ер адам күзетшіні қасақана өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгерлері күдіктінің қылмысын бейнежазбаға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, қылмыскер есірткіге құмар болған. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшінің өміріне сәйкес келмейтін дене жарақаттарын келтіріп, күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: