29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы облысының полицейлері банкоматты ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының ПБ 1988 ж.т. А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.
ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.
Азаматтар УҰИ-ға қамаққа алынды.
Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек