15.08.2023
10:45
1268
Алматыда екі жігіт банкоматты тонап, 12,8 млн теңгені қолды еткен

Алматыда екі жігіт банкоматты тонап, 12,8 млн теңгені қолды еткен

Алматы облысының полицейлері банкоматты ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция дерегінше, 14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының ПБ 1988 ж.т. А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.

ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар 1998 және 1999 жылдары туылған, Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

Азаматтар УҰИ-ға қамаққа алынды.

Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді. Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.