Алматыда екі маршруттың автобустары жаңартылды

10 Ақпан, 09:51 638

Алматыда 9 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын екі маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл «Спорт сарайы-«Пионер» тау курорты» бағытындағы №209 және «Спорт сарайы-«Оi-Qaragai» тау курорты» бағытындағы № 210 маршруттары болып отыр. 

«Газель» автобустары «Yutong» маркалы орташа сыйымдылықтағы төмен еденді тоғыз метрлік автобустарға ауыстырылды. Автобустар заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде кондиционер, бейнебақылау және т.б. бар. Жалпы сыйымдылығы - 52 орын, оның ішінде 22 орынға отырып, 29 адамға дейін тұруға болады.

Автобустардың жоспарлы саны №209 – 2 жылжымалы бірлік, №210 – 5 бірлік. Бұл ретте, бұрынғы автобустар парктің резервтік құрамына енгізіледі.

Жансая Әділбек
Бөлісу: