Алматыда екі ірі мейрамхананың аспаздары есірткімен ұсталды

2 Ақпан 2023, 20:33 1147

Алматыда екі ірі мейрамхананың аспаздары есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Біз 2022 жылдың мамыр айында қоғамдық тамақтандыру орындарында жұмыс істеп жүріп, қылмыстық әрекетке барған есірткі сатушылардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

— Біз гашиш есірткі затын жедел сатып алғаннан кейін, элиталық мейрамханалардың бірінің 1973 жылы туған М. есімді аспазшысы жұмыс орнында ұсталды. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде екі сіріңке қорапшасына және дөңгелек бумаға салынған гашиш есірткі заты табылды. Тағы бір жағдайда аспаз әйел есірткі сатушы болып жұмыс істеген. 1980 жылы туған Д. есімді азаматшаның тұрғылықты жері – Алматы облысы Қарасай ауданынан ұнтақты заты бар бума табылды, – деді, қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Әуезов және Алмалы аудандары соттарының үкімдерімен есірткі саудасымен айналысқан М. есімді және Д. есімді азаматша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу), 297-бабы 1-бөлігінде (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтей отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: