Алматыда екі баланы көлік қағып кетті

23 Ақпан, 20:02 803

Алматыда кәмелет жасына толмаған екі баланы көлік қағып кетті. Оқиға «Әйгерім» шағынауданында 22 ақпанда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасының видеосын @kriminal_kazakhstan Telegram-каналы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты жаяу жүргіншілер жолағында болған. Бұл көшеде жарықтандыру нашар екен.

Қалалық Полиция департаменті жол апатын растады. Бұл фактіні тәртіп сақшылары өндіріске алған.

Балаларға медициналық көмек көрсетілген.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: