Алматыда 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.
Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.
Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.