Алматыда егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен

2 Желтоқсан, 11:39 897

Алматыдағы жеке үйлердің бірінен егде жастағы отбасылық жұптың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға 27 қарашада болғаны, 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның пышақталғаны туралы хабар тарады.

Түрксіб ауданының полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 56 жастағы әйел жанжал кезінде таныстарын өлтірген. Басқа мәліметтер анықталып жатыр, – делінген Полиция департаментінің мәліметінде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: