12.08.2025
20:05
649
Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан күдікті ұсталды

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сату дерегі бойынша күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, концертке екі жалған билет сатқандығы белгілі болды.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

“Заң және тәртіп” қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан барлық адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, – деді Алматы қаласы ПД киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.