Алматыда газ құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Бұқар Жырау бульвары дүйсенбіден бастап бір аптаға жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, 28 қазан сағат 09:00-ден 3 қараша сағат 19:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары бойынша Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір жолақ жабылады.
Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы – 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт жерінен ақау анықталды, - делінген мәліметте.