Алматыда бойжеткен көлік астында қалып көз жұмды

21 Қазан, 09:53 1151

Алматыда Розыбакиев көшесінде жүргізуші 2005 жылғы қыз баланы қағып кетті. Алған жарақаттарынан бойжеткен оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні 21:50-де Алмалы ауданында болған.

Ford маркалы көлігінің жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 2005 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, - делінген мәліметте.

Өлімге әкеп соққан жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: