Алматыда бойжеткен 14-қабаттан секіріп кетті

7 Қазан, 10:10 1199

Алматыда қыз өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдары бұл істің жай-жапсарын жарияламады. Белгілісі – марқұмның жасы 19-да болған.

Аталған факті бойынша Алмалы аудандық унитарлық кәсіпорнының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде жиілеп кеткен суицид мәселесіне қатысты пікір білдіріп, 15 мың сайт бұғатталғанын мәлімдеген еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: