Алматыда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа кіру билеттерінің құны көтерілді. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы бақшаның баспасөз қызметі 2024 жылдың 3 қаңтарында Instagram парақшасында хабарлады.
Құрметті келушілер! 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас ботаникалық баққа бару үшін қосымша 24,20 теңге төлеу керек, - делінген ресми хабарламада.
Мамандар мұны әрбір келушінің төлеуі тиіс ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төленетін салықтың өсіп, қазір 369,20 теңгені (2023 жылы – 345 теңге) құрап отырғанымен түсіндірді.
"отаникалық баққа баруға кіру билетінің құны (ересек – 505 теңге, зейнеткер мен мектеп – 158 теңге, студент – 340 теңге) және ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін салық кіреді, - Алматы қаласы Бас ботаникалық бақтың баспасөз қызметі