23.01.2025
10:30
882
Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды

Алматыда блогерлер ақша бопсалағаны үшін ұсталды

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген мәліметте.

Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.