Алматыда биыл 53 мың жұмыс орны ашылды

3 Қазан 2023, 05:10 682

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 53 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында іске қосылған «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» аясында жүзеге асырылған.

Бағдарламаның мақсаты – бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау.

2023 жылы осы карта аясында Алматыда 53 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Ұлттық жобалар бойынша 16 мың, жеке бастамалар аясында (ШОБ субъектілері) 38 мың жұмыс орны пайда болды.

Сонымен қатар Еңбек министрлігі жастарға шағын несие беру жобасын іске қосты. Алматы қаласы бойынша жобаны іске асыруға 667 жас кәсіпкер үшін 3,3 млрд теңге бөлінді.

Бұған қоса, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК-ке дейінгі грантты 188 адам алды. Грант қаражаты жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту да өз тиімділігін көрсетті. 2022 жылы 3 мыңнан астам адам білім алып, оның 936-сы өз кәсібін ашты.

Айта кетерлігі, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына азаматтар электрондық еңбек биржасы арқылы өз бетінше жұмысқа орналаса алады.

Берік Арманов
Бөлісу: