Алматыда бір тәулік ішінде 152 жасөспірім полицияға жеткізілді

18 Шілде 2023, 16:00 876

Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасының алғашқы күні 152 жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда 17-19 шілде аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алу бойынша жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Ол бойынша саябақтарды, алаңдарды, қараусыз қалған үйлер мен жасөспірімдер жүруі мүмкін басқа да жерлер тексеріледі. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Диас Дуанбеков айтты.

«Бір тәулік ішінде ішкі істер органдарына 152 жасөспірім жеткізіліп, 138 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 9 жасөспірім арнайы есепке алынды. Қараусыз және панасыз қалғаны үшін 11 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», - деді полиция полковнигі Диас Дуанбеков.

Равиль Ашығали
Бөлісу: