Алматыда бір мезетте 10-ға жуық автокөлікке зақым келді

Кеше, 20:21 139

Алматыда ірі жол апаты болды. Оқиға кезінде 10-ға жуық көлікке зақым келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апаты Рысқұлов даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында жерүсты өткеліне жақын жерде болған.

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, жүк көлігін тізгіндеп келе жатқан ер кісінің кенеттен денсаулығы сыр берген. Соның салдарынан бірнеше көлікті соққан. 

Әзірге жол апатынан зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. 

Зарина Арман
Бөлісу: