18.01.2023
00:10
1648
Алматыда бір күнде екі жер сілкінісі орын алды

Алматыда бір күнде екі жер сілкінісі орын алды

Алматы қаласының маңында бір күнде екі рет жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz «СТӘЭ» ЖШС-не сілтеме жасап.

ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ЖШС таратқан мәліметке сәйкес, 17 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 17:06 және 19:02-де екі жер сілкінісі тіркелген.

Бірінші зілзаланың ошағы Алматыдан батысқа қарай 543 шақырымда орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты: 8.5.

Магнитудасы: MPV 3.9.

Эпицентр координатасы: 42.56° с.е. 70.33° ш.б.

Тереңдігі: 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.

Екінші жер сілкінісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 176 шақырымда болды.  

Зілзаланың энергетикалық санаты: 10.0.

Магнитудасы: MPV 4.6.

Эпицентр координатасы: 44.27° с.е. 78.53° ш.б.

Тереңдігі: 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі: 3 ұпай.