Алматыда білім берудегі цифрлық трендтер талқынады

23 Қараша 2022, 01:20 2186

23 және 24 қараша күндері Алматыда білім берудегі жаңа технологиялар жөніндегі ауқымды EdCrunch Reload 2022 халықаралық конференциясы өтеді

Алматыда білім берудегі цифрлық трендтер талқынады, деп хабарлайды El.kz конференцияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауқымды шара ғылым мен цифрландыру тоғысқан кездегі маңызды тақырыптар мен трендтерді талқылау үшін бүкіл әлем бойынша мұғалімдер, педагогтар, жоғары, жалпы, қосымша білім беру ұйымдарының, профильдік министрлік өкілдерінің, IT-компаниялар мен корпоративтік университеттер басшыларының, HR-директорлар мен L&D-мамандардың басын қосады. https://edcrunch.online/kz сайтында конференцияға тіркеу басталды.

«EdCrunch — білім беру жайындағы емес, білім берудегі технологиялар жөніндегі, оқытудың нәтижелілігін арттыру үшін цифрлық сервистер мен контентті қолдануға арналған конференция. Цифрлық технологияларды дұрыс қолдану арқылы қызығушылықтар мен мүмкіндіктерге негізделген жеке білім алу траекториясын құруға болады, білімді қолжетімді етіп, желі эффектісін тудырып, бір сәтте бүкіл дүние жүзінен пікірлестер тартуға мүмкіндік береді», - дейді EdCrunch конференциясының негізін қалаушы Нұрлан Қиясов.

EdCrunch Reload 2022 тақырыбы – ақыл-ой мен технологиялардың тоғысуы. Технологиялар мен ғылымның симбиозы бүгінгі таңда білім беру саласындағы басты жаһандық трендке айналды.  Қатысушылар оқытуды трансформациялауды, формалды тәсілдерді жоюды, оқуға деген ынтаны арттыруды үйренуі үшін, спикерлер нейробиология мен технологиялар туралы білімін біріктіреді. Талқыланатын тақырыптар арасында гибридті оқыту, болашақпен жұмыс, білім беру кеңістігінің дизайны, оқыту нейробиологиясы бар.  

EdCrunch Reload 2022 конференциясы алғаш рет бір уақытта 3 алаңда өтеді. Шара аясында әлемнің 25 елінен келген  350 жетекші спикердің қатысуымен 120 сарапшылық сессия, панельдік пікірталас, шеберлік-сағаттары өтеді. Олар негізгі спикерлер қатысатын EdCrunch Stage бас сахнасы, ерте балалық шақ, мектептегі білім беру, жоғары білім беру, корпоративтік оқыту және EdTech деп аталатын 6 тақырыптық трек бойынша өтеді. 

Цифровизация талаптарына бейімделу - «Ерте балалық шақ» трегінің басты тренді.  Серпімді әдістемелер мен бестселлерлер авторлары педагогтар мен саналы ата-аналарға жаңа тәсілдер, әдістер мен технологиялар көмегімен интеллекті дамыту амалдарын ұсынады. Цифрлық трансформация «Мектептегі білім беру» трегінің басты тақырыбына айналады. Қатысушылар алдында жетекші практик-ұстаздар, инновациялық мектептердің директорлары, нейрофизиологтар сөз сөйлейді. Цифровизация заманауи университеттерге де әсер етіп жатыр. «Жоғары білім беру» трегінде әлемге әйгілі сарапшылар жасанды интеллекттің ЖОО кампустарындағы мүмкіндіктерін, бейімдеуші технологиялар, жеке білім беруді енгізу мәселелерін талқыға салады. «Корпоративтік білім беру» трегінде Big Data, эксперименталды және иммерсивті оқытудың қызметкерлерге берер мүмкіндіктері айтылады. Ал, EdTech трегіне қатысушылар білім беру инноваторларымен кездесіп, табысты стартап жасаушылармен әңгімелесе алады. 

Биыл конференцияға онлайн және офлайн форматтарда қатысушылар саны 20 000-нан адамнан асады. Бұл статистика қазақстандық мұғалімдер, бизнесмендер, басқарушылар, зерттеушілер мен әзірлеушілердің білім беру саласын трансформациясына үлкен қызығушылық танытып отырғанына дәлел бола алады. Бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік және ауыл мектептерінің өкілдері үшін  EdCrunch Reload 2022 ұйымдастырушылары конференцияның онлайн-трансляциясын тегін көру мүмкіндігін қарастырып қойды.

Конференция спикерлері арасында әлемнің ең инновациялық университеті - Minerva-ның негізін қалаушы Бен Нельсон, General Assembly-дің оқыту және инновациялар жөніндегі вице-президенті Дэвид Поркаро, Лондон Корольдік колледжінің мінез-құлық генетикасы профессоры Роберт Пломин, әлемдегі тұңғыш нейродизайн студиясы Lab of Misfits-тың негізін қалаушы Бо Лотто, әлемдегі ең ірі оқулықтарға онлайн-жазылу сервисі Perlego-ның негізін салушы Готье ван Мальдерен мен білім беру саласының басқа да көптеген майталманы қатысады.

EL.KZ
Бөлісу: