Алматыда бес адамды атып өлтірген Дужновтың үйінен отбасы мүшелерін сот орындаушылары күштеп шығарды

29 Шілде 2023, 14:22 1079
Алматыда бірнеше жыл бұрын бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың даулы үйін сот орындаушылары босатып алды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 
 
Үйді босатудан бас тартқан қылмыскердің әйеліне бұл жағдай туралы алдын ала ескерткілген. Сот орындаушылары арнайы жасақ күштерін алып қанды оқиға болған үйге тағы барды. Олар бұл жолы есікті бұзып, ішке кірген. 
 
Сот қаулысын орындауға келгендер үйді тінту барысында қару табылғанын мәлімдеді. Сол себепті таңнан бері үйдің маңайына жан баласын жақындатқан жоқ. Ал бір ай бұрын "өзімді өртеймін" деп байбалам салып, сот орындаушыларын қуып шыққан Дужновтың жұбайына үйге кіруге рұқсат берілмеді.
Осыдан бір ай бұрын 13 қыркүйекке дейін ешкім мені орнымнан қозғамайтындығы айтылған еді. Сол уақытқа дейін құжаттарды реттеп сотта да, қылмыстық істе де үйдің менікі екенін дәлелдеймін деп отырғанмын. Қазір іште сіңілім қалды. Барлық менің жеке дүниені далаға шығарып тастап жатыр екен", - деді Анаида Демирчян.
Соттың қаулысын орындауға келген мамандардың жанында арнайы жасақ жүргенін көпшілік байқаған. Өрт сөндірушілер, жедел жәрдем арнайы осында келгені белгілі болды.
 
Бұған дейін жеке сот орындаушылары Дужновтың отбасын 5 рет үйден шығаруға әрекет жасаған. Бір ай бұрын үйге ешкімді кіргізбеген Анаида Демирчян "үймен қоса өзін де өртеп жіберемін" деп сес көрсеткен. Сол себепті іс кейінге қалдырылып келді.
Сот шешімімен үйден мәжбүрлі түрде шығару жүріп жатыр. Үйді толық босатқаннан кейін иелеріне береміз, - дейді сот орындаушысы Алмасбек Елтоқов.
2021 жылдың қыркүйек айында Игорь Дужнов сот қаулысын орындауға келген 5 адамға аңшы мылтығымен атып өлтірген болатын. Салдарынан екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапқан еді. Кейін сот қаскөйді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бүгінде Дужнов қауіпті қылмыскерлерге арналған "Қара бүркіт" түрмесінде отыр. Ал жұбайы қанды оқиғаға себеп болған Ақбұлақ ықшамауданындағы үйді 2 жылдан бері босатпай жүргені бұған дейін бірнеше рет БАҚ беттерінде жазылған. 
Асқар Таудай
Бөлісу: