Алматыда Бекмаханов көшесі бойынша көлік қозғалысының бір жолағы жабылады

17 Қыркүйек, 05:15 296

Алматыда сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстарының басталуына байланысты Бекмаханов көшесінің бір жолағы жабылады. Бұл учаскеде шығыс бағытта кері қозғалыс болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, шектеулер 2024 жылдың 17 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығына енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде орналасқан.

Зарина Арман
Бөлісу: