Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтті

8 Қазан 2023, 17:48 999

Алматыда жүлде қоры 82,5 млн теңге болатын бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар шеберлігін көрсетті. Жеңімпаздар марапат пен сыйлықтарға ие болды, ал көрермендер қызықты жарыстар мен әдемі қойылымдарды тамашалады.

Чемпионат аясында екі миллион теңгелік жүлде қоры бар ұлттық киімдер байқауы өтіп, Бақытгүл Пардаева жеңімпаз атанды. Финал Алматы әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтті. Келесі жылы қатысушылар санын арттырып, жүлде қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: