Алматыда Айжан Бекқұлованың жеке көрмесі ашылды

7 Қазан, 17:17 452

Мемлекеттік өнер музейінде Айжан Бекқұлованың жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тамаша адамдар өмірі» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрмеде Айжан Бекқұлованың 1990-жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жасаған жүзден астам туындысы ұсынылған.

Ретроспективалық экспозицияда тоқыма, киіз басу, қасиетті қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған, басқа шеберлермен және суретшілермен бірлесіп жасалған жұмыстар ұсынылған. Экспозиция қараша айының 5-іне дейін жалғасады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: