Алматы қаласында миллионнан астам төленбеген айыппұлы бар жол талғамайтын көлік ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қымбат көлік мінген бірнеше азаматтың айыппұл миллион теңгеден асқан көрінеді.
Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы көліктердің жалпы ағынындағы анықтады.«Мерседес» маркалы көліктің жүргізушілеріне ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы 1 миллион 176 мың 450 теңгені құрайды, - деп жазылған хабарламада.
Қазір ұсталған көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.