– Оң қолындағы тапанша, оң жақ самайы, бәрі өзін-өзі жарақаттағанын көрсетеді. Оның жанында ешкім болған жоқ, сондықтан мен қазір ешқандай болжам мен дәлел келтіре алмаймын. Бір нәрсені айта аламын: оның өлімі әскери қызметпен байланысты емес, – деді Әлкешев КТК арнасына.
Марқұм әскери борышын Батыс Қазақстан облысында өтеген. Ал Алматыдағы 3650 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметке кіріскеніне жеті айдан асқан.
Бұл Ұлттық ұлан қатарындағы бір айдағы екінші өлім. Осыдан екі апта бұрын Алматы облысындағы полигонда әскерге шақырылған сарбаз Алмас Шахимов қайтыс болған еді.