Алматыда әйелді ұрған ер адамға үкім шықты

10 Шілде, 09:04 635

Алматыдағы Наурызбай аудандық сотында көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде әйелді ұрған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, сотталушы бірге тұратын әйелді бірнеше рет ұрып, оның денсаулығына зиян келтірген. Сот оны «Бұзақылық» бабы бойынша айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Ер адам кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп берген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: