Алматыда әйелдерге шабуыл жасаған жас жігітке іздеу салынды

15 Тамыз 2023, 09:06 1195

Алматы қаласы Бостандық ауданында әйелдерді соңынан аңдып, тиісіп жүрген ер адамды полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек ер адам қыздардың жыныс мүшелерінен ұстаған. 

Бұл жігіт Бостандық ауданында әйелдерді аңдып, шабуыл жасап, жыныс мүшелерінен ұстайды. Мына видеода ол подъез жанындағы талдардың арасына жасырынып, қыздың соңынан аңдыған, кейін лифт ішінде шабуыл жасайды. Қыз теуіп жіберген соң қашып кетті, – делінген желідегі жазбада. 

Ал қалалық полиция департаменті азаматтардың шағымына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: