Алматы қаласында жанармай құю бекетінде пышақпен жүрген әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Полиция бұл дерекке қатысты мәлімдеме жасады.
Видео Telegram-арналардың бірінде пайда болған. Әйел патрульдік полиция экипажы ұстап, Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімге жеткізілді.
Ол бейадекват күйде болған. Әйел психологиялық бейіндегі дәрігерлерге білікті көмек көрсету үшін берілді, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.