22.12.2023
21:59
1877
Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып бірнеше адамның өмірі үзілді

Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып бірнеше адамның өмірі үзілді

Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, бірнеше адам бақилық болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қалалық полиция департаменті 22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал барысында жүргізуші әйелді ұрғандығын, салдарынан оның есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған. 

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты.

Оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) және ҚР ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Осы бап бойынша ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған адам ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.