Алматыда автобус 2 адамды қағып кетті

13 Қыркүйек 2023, 10:01 744

Алматыда автобус 2 адамды қағып кетті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қыркүйекте таңғы сағат 09:05 шамасында болды. Автобус 2 жаяу жүргіншіні қағып, салдарынан бір адам көз жұмған.

Автобус жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді,- деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптама тағайындалды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: