Алматыда аурухана маңынан әйелдің мәйіті табылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр

24 Шілде, 13:44 978

Полицейлер адамның өлі табылуына қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухана маңында әйелдің денесі жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Оның үстінде киім болғаны айтылған.

Алматы қалалық ПД өкілдері денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның денесі табылғанын растады.

Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

Басқа деректер анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: