24.06.2024
22:10
1700
Алматыда аттракционнан секірмес бұрын әйел өз қызын өлтірген болуы мүмкін

Алматыда аттракционнан секірмес бұрын әйел өз қызын өлтірген болуы мүмкін

Алматыда әйел адам айналмалы дөңгелектен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы Горький саябағындағы әйел өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Алматы қалалық ПД мәліметінше, айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұратыны, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені анықталды.

Өз-өзін өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ПД мәліметінде.