28.08.2025
22:40
448

Алматыда Асқаров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылды

Алматыдағы орташа жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында Асқаров көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы  Almaty_Joly Тelegram-арнасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Осыған байланысты 28 тамыз сағат 22:00-ден 29 тамыз сағат 06:00-ге дейін Садықов көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады, - делінген мәліметте.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлау сұралған.