Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен төрт жасар қыз табылды

3 Қаңтар, 11:00 5690

Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен төрт жасар қыз табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

2 қаңтар сағат кешкі сегіз шамасында 1984 жылы туған әйел Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жолға шығады. Олар Алматы-Бішкек тас жолында өтіп бара жатқан көлікті тоқтатқан. Қалаға жеткен соң, арызданушы Райымбек және Момышұлы көшесінің қиылысында көліктен түсіп қалған. Ал ұйықтап жтақан төрт жасар қыз таксиде қалып қойған.

Полицейлердің жедел іздестіруінің нәтижесінде қыз аман-есен табылып, анасымен қауышты. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: