Алматыда Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнир өтті

13 Мамыр 2023, 19:03 1164

Шағын футболдан өткен дүбірлі жарыс осымен екінші жыл ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Журналистер арасындағы жарысқа Талдықорған, Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Атырау қаласынан командалар жиналды. 

Тартысты өткен бәсекеде Қызылордадан келген команда чемпион атанды. Жарыстың күміс жүлделерін Қазмедиа ұжымы иеленді. Ал үздік үштікті Атыраудан келген журналистер түйіндеді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болып, кубок, медальдармен марапатталды. 

Алматыда Амангелді Сейітхан ұзақ жыдар «Хабар» арнасында қызмет етті. Спорт жаңалықтарының шолушысы, комментатор ретінде халықтың ықыласына бөленіп, елге танымал азаматқа айналды. Бес олимпиада ойындарына барып, хабар таратты. 

Тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатын қазақ тілінде тікелей эфирде жүргізіп, спорт журналистикасына тың жол ашты. Өзі де футбол ойнап, «Хабар Дрим тим» атты команда құрды. Журналистер арасындағы талай турнирде топ жарды. Өмірінің соңғы жылдарында «Хабар 24» арнасының жаңалықтар бөлімінде шығарушы редактор болды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: