09.02.2023
11:43
1220
Алматыда алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркинг салынып жатыр

Алматыда алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркинг салынып жатыр

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Алдыңғы кездесулердің бірінде аудан тұрғындары «Көктем-3» шағын ауданында аяқталмаған паркинг құрылысына қатысты мәселе көтерді. Ұлттық Банк бұл нысанды қаланың балансына берді. 267 тұрақ орнына арналған алғашқы көп деңгейлі муниципалды паркингтің құрылысы биыл жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала әкімі.