Алматыда гранттар беруге байқау жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда әлеуметтік бизнес ашып, 5 млн теңгеге дейін грант алғыңыз келе ме? Әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған байқау жарияланды! 5 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі гранттар «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасының финалисті болған шағын және орта кәсіпорындарға беріледі. Байқаудың жалпы бюджеті – 500 млн теңге, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Өтінім 14-18 қазан аралығында «Электрондық үкімет» порталы арқылы Kezekte.kz жүйесінде қабылданады.
Толығырақ және кеңес беру:
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы: +7 (727-39) 0-20-99, +7 (727) 390-20-69.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы: +7 (727-33) 1-01-33, 1432 (call-center).
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры: +7 (727-24) 4-55-77, 244-55-66.