Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен алматылық жүлдегерлерді құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Марапаттау рәсіміде спортшыларға және олардың бапкерлеріне Алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табысталды.
Сіздерді осы жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – мен үшін де екі есе қуаныш. Себебі алматылық спортшыларымыз ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль салды, – деді қала әкімі.
Салтанатты шарада әлем чемпионатында екінші рет алтын медальға қол жеткізген Алуа Балқыбековаға 40 млн теңгенің, күміс жүлдегер Назым Қызайбайға 30 млн теңге табысталды. Ал қол жүлдегерлер Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова 20 млн теңгеден берілді.
Еске салсақ, әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Отандастарымыз 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола. Соның ішінде Алматының атынан бақ сынаған 4 спортшы 4 медаль еншіледі. Яғни ел қоржынына түскен жүлделердің 40%-ы алматылықтарға тиесілі:
Алуа Балқыбекова – алтын;
Назым Қызайбай – күміс;
Виктория Графеева – қола;
Елдана Тәліпова – қола.
Жаттықтырушылар да еңбегі үшін Алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Оларға 20 млн теңгенің сертификаты табысталды. Сонымен қатар, Загребте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген балуан Нұрқожа Қайпанов та марапатқа ие болды.