Алматыда алаяқтықтың 6 дерегіне қатысы бар әйел ұсталды

6 Қазан 2022, 21:26 1467

Ол жарнама арқылы алтын мен ұялы телефон сатып алған, бірақ тауарға ақша төлемеген 

Алматыда алаяқтықтың 6 дерегіне қатысы бар әйел ұсталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жарнама арқылы алтын мен ұялы телефон сатып алған, бірақ тауарға ақша төлемеген.

 – 33 жастағы Б.есімді азаматша алаяқтық жасады деген күдікке ілікті. Ол танымал интернет сайтынан ұялы телефондар мен түрлі алтын бұйымдарды сату туралы жарнамаларды іздеп, сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп, кездесу барысында ақшаны сәл кейінірек төлейтініне сатушыларды сендірді. Содан кейін телефонды өшіріп тастап, тауармен бірге жасырынған. Қазіргі уақытта тергеу бөлімінің өндірісінде Б.есімді азаматшаға қатысты алаяқтық бойынша 6 дерек тергелуде. Ол бойынша іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Алданған адамдардың әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жалғасуда, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бөлісу: