Алматыда қала күні қалай аталып өтеді

15 Қыркүйек 2022, 19:06 1394

 Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да ұйымдастырылады

Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала күні аясында концерттер, көрмелер және басқа да танымдық ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда:

- Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00

- Алмалы ауданы – Ганди паркі, сағат 11:00

- Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00

- Бостандық ауданы – Mega Alma-Ata, Розыбакиев, 247а, сағат 11:00

- Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы, сағат 11:00

- Медеу ауданы – Ғылым академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00

- Наурызбай ауданы – «Шұғыла» ш/а, 347/2, сағат 11:00

- Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ, сағат 11:00

Жалпы, Қала күніне арналған мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек аралығында өтеді. Тұрғындар мен қонақтар үшін концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдер және тағы басқа шаралар өткізіледі. Мерекелік іс-шаралар бірден бірнеше жерде ұйымдастырылады: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң, Астана алаңы және «Алматы Арена» мұз сарайы.

Бөлісу: