Алматыда акушер-гинекологтардың халықаралық конгресі басталды

31 Наурыз 2023, 11:04 1134

Ажар Ғиният Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында өтіп жатқан «Отбасы денсаулығы – Қазақстанның болашағы» атты Қазақстан акушер-гинекологтарының I халықаралық конгресіне қатысушыларды құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ДСМ-не сілтеме жасап.

Ол осы форумның ана мен баланың денсаулығын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясат шараларын іске асыру шеңберінде ерекше өзектілігін атап өтті. 

Инфрақұрылым мәселесіне қатысты А. Ғиният соңғы 10 жылда елімізде тек 6 перинаталдық орталық салынғанына, қалған объектілер 20 және одан да көп жыл бойы пайдаланылып келе жатқанына назар аударды.

"Аналар мен балаларға көмек көрсететін медициналық ұйымдардың желісін кеңейту үшін Министрлік 13 заманауи перинаталдық орталық салу мәселесін қарады, осыған байланысты жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Бала туудың өсуі байқалады, жыл сайын 400 мыңнан астам бала туады. Өткен жылы ана өлімін 2,6 есеге, сәби өлімін 6%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Қазақстанда босанғанға дейінгі бақылаумен қамту өте жоғары, әрбір әйел жүктілік кезінде кемінде 1 рет білікті медицина персоналында босанғанға дейінгі зерттеп-қараудан өтеді",  деді ведомство басшысының міндетін атқарушы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, пренаталдық скринингтің сапасын жақсарту үшін 20 өңірде ұрықты сақтау орталықтары құрылды, пренатальды диагностика бойынша 200-ден астам ультрадыбыстық маман оқытылды.

EL.KZ
Бөлісу: