Алматыда акцияның соңы жаппай төбелеске айналды

17 Желтоқсан 2023, 15:32 1726
Әлеуметтік желіде алматылықтардың киім-кешек дүкенін қалай қиратқанын түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары сауда орталығында арзанырақ заттар аламыз деп, кептеліп қалды. Адамдар осы кезде сөрелерді сындырып, қиратып, ілгіштерді лақтырған.

Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.

Көпшілікті дүрліктірген сауда орталығындағы акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісі жауапқа тартылады, оның әрекетіне заңдық баға беріледі, - деді Алматы полиция департаменті
EL.KZ
Бөлісу: