Алматыда «AA Trade Company» басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

12 Тамыз 2022, 09:59 1566

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылды

Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды,– деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді.

Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды.

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

– Құрметті азаматтар мен кәсіпкерлер! Егер Сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, ҚМА немесе аумақтық департаменттерге сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз,–деп жазылған хабарламада.

Бөлісу: