Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданындағы өрт орнында күдікті ер адам анықталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады.
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған.
Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.