Алматыда 9 мамыр мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік төлем кімдерге беріледі

4 Мамыр 2023, 11:32 1356

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев Жеңіс күніне арналған әлеуметтік төлемдер туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде Алматыда 56 ғана соғыс ардагері қалды. Оларды материалдық қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем жасалады, - деді Серік Құрманғалиев.

Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны – 13 мың адам.

Ардагерлер кеңесінің өкілі атаулы мереке күндері қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтынын жеткізді.

EL.KZ
Бөлісу: